Маңғыстау облысы Әділет департаментінің «Зияткерлік меншік құқығы» бөлімінің бас маманы Қ.Қ.Баспаулиева Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында сүт өнімдері мен өзге де ұлттық тағам өнімдерін өндіруші кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге географиялық нұсқаманы тіркеудің маңыздылығы, оны тіркеу тәртібі, сондай-ақ құқықтық қорғау алу үшін қажетті құжаттарды дайындау және ұсыну мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, географиялық нұсқамаға өтінім беру тәртібі, өнімнің Маңғыстау өңірімен байланысын және оның ерекше қасиеттерін растайтын мәліметтерді ұсыну бойынша практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – Маңғыстау өңірінде өндірілетін дәстүрлі және ұлттық өнімдердің ерекшелігін құқықтық тұрғыдан қорғау, олардың танымалдылығын арттыру және жергілікті кәсіпкерлерге географиялық нұсқаманы тіркеу бойынша практикалық көмек көрсету.









