1 / 3
Маңғыстау облысының Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Қалалық орталық кітапхана» ғимаратында студенттерге Заң және тәртіп: құқық пен жауапкершілік» және «Интернет алаяқтық және қарыз: құқықтық салдары» тақырыптарында дәріс өткізді.
Іс-шараға Әділет департаментінің мамандары мен заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.
Сонымен қатар, студенттердің өзекті құқықтық мәселелер бойынша қойған сұрақтарына мамандар қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауап берді.









