Байқауға 8 команда қатысып, құқық саласындағы білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс істеу дағдыларын және өзекті құқықтық тақырыптарды сахналық қойылымдар арқылы ашу шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылардың өнер көрсетулері жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық санасын арттыруға, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Іс-шараға Алтай ауданы әкімінің орынбасары, Алтай аудандық сотының төрағасы, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және Алтай ауданы полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — «№ 7 орта мектебі» КММ командасына;
🥈 ІІ орын — «№ 11 орта мектебі» КММ командасына;
🥉 ІІІ орын — «Алтай жоғары колледжі» мекемесінің командасына бұйырды.
Сондай-ақ арнайы аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды:
🏆 «Үздік сахналық қойылым» — «№ 6 орта мектебі» КММ;
🏆 «Үздік командалық жұмыс» — «С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі»
2026 жылғы 27 қазанда «Горняк» мәдени-демалыс орталығында Алтай ауданының білім беру ұйымдары оқушылары мен студенттері арасында «Заң және Мен» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
1 / 8
Ұқсас материалдар

Меншік құқығын құрметтеу
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Есірткіге қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті! 🛑💪
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
Алкоголизмнің алдын алу
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
Жас қызметкерлердің психологиялық бейімделуіне арналған тренинг
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
"Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары

«Горняк» МДО Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы тыңдалды, бұл шараға 200 астам адам қатысты.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Е.Тураров Алтай ауданының шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Алтай ауданының әкімі Е.Тураров әкімдер және дербес бөлімдер басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
2026 жылғы 23 қазанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы соттарының құрылғанына 30 жыл толуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күніне орай спорттық жарыстар өтті.
Алтай ауданының әкімдігіАшу