2026 жылғы 23 қазанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы соттарының құрылғанына 30 жыл толуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күніне орай спорттық жарыстар өтті.

    1 / 2

    Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың және заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.
    Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
    🥇 1-орын — Шығыс Қазақстан облыстық соты;
    🥈 2-орын — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты;
    🥉 3-орын — заң консультанттарының өкілдері.
    Аталған жарыстар командалық рухты нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік органдар мен заң қоғамдастығы өкілдері арасында достық қарым-қатынас орнатуға жақсы мүмкіндік болды.
    Мұндай іс-шараларды өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға, өзара түсіністікті нығайтуға және қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
    Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Барша қатысушыларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер, кәсіби табыс және алдағы уақытта толағай жеңістер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары