Кешкі уақытта Петропавл қаласындағы Воровской көшесінде қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері электрвелосипедті алкогольдік мас күйде басқарған Ақмола облысының 37 жастағы тұрғынын тоқтатты. Құқық бұзушы дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын растады. Ер адамның көлік құралдарын басқару құқығы болмағандықтан, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция департаменті электрвелосипедті мас күйде басқару ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе қараңғы уақытта жоғары жылдамдықпен жүру және қорғаныс құралдарын пайдаланбау жүргізушінің өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда қатаң жауапкершілік көзделген. Жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін «Заң мен тәртіп» қағидаты қатаң сақталуға тиіс.
Петропавлда электрвелосипедті мас күйде басқарған ер адам 20 тәулікке қамалды
1 / 3
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қ. КонсулдығыАшу
Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті
Астана қаласының әкімдігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Болгария Республикасындағы Казақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
Меншік құқығын құрметтеу
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
"Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

СҚО ПД-де үздік тәлімгерлер мен жас қызметкерлер марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Петропавлда кофе ішуге арналған қағаз ыдыстары жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектеседі
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Петропавлда даулы жер телімін абаттандыру мәселесі талқыланды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Петропавлда полицейлер өрттен мас күйдегі саяжай иесін құтқарды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО полицейлері батылдығы мен кәсібилігі үшін ІІМ-де марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу