2026 жылғы 27 қазанда Свободное ауылының ауылдық клубында ауылдық округ әкімі Саматов Нұрлан Мәжитұлының ауыл тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында 2026 жылдың III тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Ауылдың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайына, сондай-ақ ауылішілік жолдарды қысқы кезеңге дайындауға ерекше назар аударылды. Тұрғындарға инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, жаңа су құбырын салу, бейнебақылау камераларын орнату, Днепропетровская көшесіндегі жолды орташа жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері баяндалды.
Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың профилактикасы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша өзекті мәселелерді шешуде әкімдік пен тұрғындардың бірлескен жұмысының, ауыл аумағында тазалық пен тәртіпті сақтаудың және халыққа қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.




