МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

    1 / 3

    Ауыл әкімшілігінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

    Жиналыс барысында мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі уақытылы көрсету, азаматтардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және халықпен тиімді қарым-қатынас орнату қажеттігі атап өтілді.

    Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ауыл тұрғындарына сапалы қызмет ұсыну бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жангелдин ауданы Шеген ауылы әкімінің аппараты" жаңалықтары