2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды
2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласының негізгі капиталына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Осылайша, 2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы екі жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 79%-ға жоғары.
Тартылған инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.
«Салаға тартылып жатқан қаражат, ең алдымен, су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Бұл ретте халық пен экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар туралы сөз болып отыр. Түптеп келгенде, инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және су ресурстарын басқару тиімділігін жақсартуға мүмкіндік беруге тиіс. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды да көздейді», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы
Ұқсас материалдар

Адал қызмет пен қоғамдық сенім: Мойынқұмда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әлемдік ғылыми қауымдастықтағы орнын нығайтып келеді
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Президент «Мойынқұм» АЭС-інің құрылысын жеделдету мәселесін пысықтауды тапсырды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
Алматы тағы да әлемдік БАҚ назарында: Euronews қаланы халықаралық аудиторияға бірнеше тілде таныстырды
Алматы қаласының әкімдігіАшуБАРШАҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Бесқарағай ауданының әкімдігіАшу
"Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
2026: ЖИ мен цифрландыру - экономиканың жаңа драйверіне айнала ма?
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫҢ БОЙЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТУРКЕСТАН: В КАЗЫГУРТСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ МАСШТАБНЫЙ СУББОТНИК «ОБОЧИНА ДОРОГИ — ЛИЦО СТРАНЫ»
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ: КЕНТАУДА «ЖОЛ ЖИЕГІ – ЕЛ КЕЛБЕТІ» АКЦИЯСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу