Тереңөзек ауылдық округінде Республика күні спорттық турнирмен аталып өтті

    1 / 5

    25 қазан – Республика күніне орай Тереңөзек ауылдық округінде мекеме қызметкерлері арасында «Спорт – достық пен бірліктің бастауы» тақырыбында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
    Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Жарыстың ашылу салтанатында Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Смат Қанат Төлеуұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Спорттық сайысқа барлығы 5 мекеме қатысты. Атап айтқанда, Тереңөзек ауылдық әкімдігінің қызметкерлері, ауылдық амбулаторияның медицина қызметкерлері, «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері, Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері және мал шаруашылығы саласының қызметкерлері бақ сынады.
    Жарыс бағдарламасы бойынша футбол, арқан тарту, бес асық, дойбы және қол күресінен тартысты бәсекелер өтті. Қатысушылар өздерінің ептіліктерін, күш-жігерін, шапшаңдығы мен командалық бірлігін көрсетті.
    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Смат Қанат Төлеуұлының атынан грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, Тереңөзек ауылдық округінің 1976 жылғы азаматтардың демеушілігімен жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды.
    Осындай игі бастамаға қолдау көрсетіп, спорттық жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Тереңөзек ауылдық округінің 1976 жылғы азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
    Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айта отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар