Индер аудандық ауруханасының дәрігер-реаниматологы Төленбаев Мейіржан Русланұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Шапағат» медалімен марапатталды.
1995 жылы тағайындалған «Шапағат» медалі азаматтарға белсенді әрі жемісті қызметі, мейірім-шапағаты мен қайырымдылығы үшін беріледі. Бұл – қоғам игілігіне бағытталған еңбекті, адамгершілік пен жанашырлықты дәріптейтін мемлекеттік марапат.
Дәрігер-реаниматолог мамандығы жоғары кәсіби біліктілікті, жауапкершілік пен шұғыл шешім қабылдай білуді талап етеді. Адам өмірі үшін күресіп, науқастарға медициналық көмек көрсету жолында еңбек етіп жүрген Мейіржан Русланұлының мемлекеттік наградаға ие болуы – зор мәртебе.




