"Республика -ел тірегі"атты дөңгелек үстел

    1 / 5

    Айнабулақ ауылдық округінде Республика күніне орай «Республика – ел тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында қатысушыларға Республика күнінің тарихи маңызы туралы мағлұмат беріліп, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері баяндалды.Сонымен қатар кітапхана тарапынан «Қыран елім - Қазақстаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Республика тарихы, рәміздер және танымал тұлғалар туралы кітаптар қойылды.Жиын барысында қатысушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, белсенді қатысқандар марапатталды. Шара соңында ардагерлер мен ауыл ақсақалдары құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпаққа бірлік пен ынтымақты сақтауға шақырды.Іс-шара патриоттық рухта жоғары деңгейде өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары