Мәртөк ауданының әкімі Н. Мақсатовтың 2026 жылғы 23 қазандағы №602 өкімімен «Мәртөк аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Газизов Елдос Курмангалиевич тағайындалды.
Елдос Курмангалиевич - 1993 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Мәртөк аудандық филиалының консультанты болып бастаған. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызмет атқарып келеді: «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы және бас инспекторы.
2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.









