Адам саудасы — адамның құқықтары мен бостандықтарына төнетін елеулі қауіптердің бірі. Алдау, мәжбүрлеу,қорқыту және қанау адамның бостандығынан, қауіпсіздігінен және өз өмірін өзі басқару мүмкіндігінен айыруы мүмкін.
⚠️Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?
🔹Жұмысқа орналасар алдында жұмыс беруші мен делдалдардың сенімділігін тексеріңіз.🔹Шетелде жоғары жалақы ұсынатын күмәнді жұмыс ұсыныстарына сенбеңіз.🔹Еңбек шартын және жұмыс жағдайларын мұқият оқып шығыңыз.🔹Жеке куәлігіңізді, төлқұжатыңызды және басқа да құжаттарыңызды бөгде адамдарғазаңды негізсіз бермеңіз.🔹Қайда баратыныңызды және қай жерде болатыныңызды жақындарыңызға хабарлаңыз.🔹Қорқыту, мәжбүрлеу немесе қанау жағдайларына тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
🤝 Есіңізде болсын! Адам саудасының құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Сақтық, ақпараттану және дер кезінде көрсетілген көмек қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.
Адам саудасына бірге қарсы тұрайық! Адам құқықтарын қорғайық!




