1 / 3
Қазақстан Республикасының күніне орай Самар ауданында ауылдық округтер арасында ұлттық спорт түрі — командалық көкпардан жарыс өтті. Сайыста ауданның ауылдық округтерінің командалары бақ сынады.
Жарыс барысында шабандоздар ат үстіндегі шеберліктерін, ептіліктерін, күш-қайратын және төзімділіктерін көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен бәсеке көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық спорттың рухын асқақтатты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын — «Дархан» командасы;
🥈 ІІ орын — «Жомарт» командасы;
🥉 ІІІ орын — «Манарбек» командасы;
IV орын — «Алтай» командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Осындай жарыстар ұлттық спортты дәріптеуге, салт-дәстүрді сақтауға және жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.








