Токио, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстанның Республика күнін атап өту құрметіне Жапония астанасында 35 шақырымдық жаяу шеру ұйымдастырылды. Таңдалған қашықтықтың символдық мәні зор - ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының 35 жылдық жолын білдіреді.
Шеру бағыты Токио тұрғындары арасында серуендеуге және табиғат аясында демалуға арналған танымал орындардың бірі – Тама өзенінің көрікті жағалауы бойымен өтті.
Хонханэда саябағынан Инаги-Охаши көпіріне дейінгі жаяу шеру түскі ас пен кофе-брейкке бөлінген үзілістерді қоса алғанда, 7 сағат 34 минутқа созылды.
ҚР-дың Токиодағы Елшілігі ұйымдастырған патриоттық акцияға Күншығыс еліндегі қазақтар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ бастамаға қолдау білдірген жапон азаматтары қатысты.
ҚР-дың Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Республика күніне арналған ресми және хаттамалық іс-шаралармен қатар, Елшілік қазақстандық дипломатияның қоғамдық қырын көрсететін жаяу шеруді ұйымдастырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай акция алғаш рет өткізіліп отырған жоқ және біртіндеп Жапонияда тұратын қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды.
Қазақстандықтар мен Жапония азаматтарының бірлесіп қатысуы екі ел арасындағы достық байланыстарды және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ортақ ұмтылысты айқындады.









