Қазақстанның мәдени мұрасы Республика күніне орай Афинада таныстырылды

    1 / 6

    Афина, 2026 жылғы 23 қазан– Республика күні қарсаңында Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі «Пирей және аралдар ЮНЕСКО клубымен» бірлесіп, Бес құрлық мәдениетінің халықаралық фестивалі аясында «Қазақстан объектив көзімен» атты фотокөрме ұйымдастырды.

    Іс-шара Никея муниципалитетіндегі «Манос Лоизос» мәдени орталығында өтті. Фестивальге 20-дан астам елдің өкілдерін қатысып, Қазақстан арнайы қонақ ретінде ұсынылды.

    Халықаралық фестивальдің басты оқиғасы Республика күні мен Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған фотокөрменің ашылуы болды. Экспозиция Қазақстанның сан қырлы келбетін, табиғи және мәдени байлығын, ұлттық дәстүрлерін, тарихи мұрасын және заманауи дамуын паш етті.

    Осы орайда ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин еліміздің тәуелсіздік алған 35 жыл ішіндегі негізгі жетістіктеріне, егемен мемлекет ретінде қалыптасу жолына, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарына, сондай-ақ елді одан әрі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаларға ерекше назар аударды.

    Елші сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуын атап өтіп, мәдени дипломатияны ілгерілету және екі ел халықтары арасындағы байланыстарды кеңейту арқылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын жеткізді.

    Мәдени бағдарламаны домбырада орындалған қазақтың дәстүрлі музыкалық шығармалары толықтырып, іс-шараға ерекше ұлттық нақыш берді. Сонымен қатар, қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, халқымыздың қонақжайлық дәстүрімен танысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары