Қазақстан мен Грекия екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады

    Афина, 2026 жылғы 23 қазан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грек Республикасы Президентінің Дипломатиялық кабинетінің басшысы Елена Гулусимен кездесті.

    Тараптар Қазақстан-Грекия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды. Екіжақты өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамыту үшін тұрақты байланыстарды қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

    Елші сұхбаттасын Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, орнықты дамуды қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Қазақстанның халықаралық әріптестікті одан әрі кеңейтуге және тәжірибе алмасуға мүдделілігі атап көрсетілді.

    Кездесу барысында алдағы жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың күн тәртібі де қаралды. Сұхбаттастар сындарлы диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен Грекия арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары