Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Министрлік қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің және еліміздің барлық өңірлерінен келген сала ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Республика күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Қызметкерлерге «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медальдары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттары, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Еңбек ардагері» және «Экология саласының үздігі» ведомстволық наградалары табысталды.
Марапаттардың табысталуы қоршаған ортаны қорғауға және Қазақстанның табиғи байлығын сақтауға елеулі үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет пен мойындаудың белгісі болды.
Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Еліміздің игілігі жолында бақ-береке, өсіп-өркендеу және жаңа жетістіктер тілейміз!









