2026 жылғы 23 қазанда Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен саяси партиялардың өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау, саяси партиялар өкілдерімен өзара пікір алмасу, сондай-ақ сайлау заңнамасының талаптарын түсіндіру және сайлау процесін ұйымдастыруға байланысты маңызды мәселелер бойынша ақпарат беру.
Жиынды Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжулова жүргізді. Іс-шараға саяси партиялардың өкілдері қатысып, кездесу офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сайлау процесін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелер қарастырылып, қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.
Іс-шара аясында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, сайлау процесіне қатысты ұсыныстар мен өзекті мәселелер талқыланды.








