Көкшетауда жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған түнгі рейдтер өткізілді

    Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы қалалық Полиция басқармасымен бірлесіп, жұмыссыз жастарды қолдауға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.
    Рейд барысында мамандар тұрақты жұмысы жоқ жастармен кездесіп, оларға қолжетімді бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жастарға арналған қолдау шаралары түсіндіріліп, жұмыс іздеу бойынша практикалық кеңестер ұсынылды және қажетті көмек алу үшін жүгінуге болатын ұйымдар туралы мәлімет берілді.
    Іс-шара барысында әрбір жасқа жеке көңіл бөлініп, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес пен қолдау көрсететін бейінді ұйымдар мен мекемелерге жүгіну мүмкіндіктері түсіндірілді
    Мұндай іс-шаралар жастарды қолжетімді мүмкіндіктер туралы уақтылы хабардар етуге және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме" жаңалықтары