Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүйесін жетілдіруге бағытталған реформа қолға алынды. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдауды отбасының нақты әл-ауқаты мен мұқтаждық деңгейіне қарай ұсыну, бюджет қаражатын әділ әрі тиімді бөлу. Жаңа өзгерістер жайында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазіргі таңда республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрі төленеді. Оларды алушылар саны 3,2 миллион адамды құраса, жыл сайынғы шығын көлемі 2,1 триллион теңгеге жетеді. Осыған байланысты әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау көзделіп отыр. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің 14 түрін тағайындау кезінде Отбасының цифрлық картасы арқылы анықталатын әл-ауқат деңгейі ескеріледі. Жаңа тәртіпке сәйкес, әл-ауқаты жоғары «А» және ауқатты «В» санаттарына жататын отбасыларға аталған 14 төлем түрі бойынша жәрдемақы тағайындалмайды» - деді спикер.
Басқарма басшысының айтуынша, өзгеріс - әлеуметтік қолдауды толығымен алып тастауды емес, оны нақты қажеттілікке қарай бағыттауды көздейді. Егер отбасының әл-ауқаты төмендеп, төмен санатқа ауысса, тиісті әлеуметтік төлемдерді алу құқығы қайта қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, әрбір төлем бойынша құқық жеке қаралады және зейнеткерлерге қатысты жекелеген ерекшеліктер ескеріледі.
Отбасының әл-ауқаты бес санат бойынша бағаланады. Олар: «А» – әл-ауқаттың жоғары деңгейі, «В» – ауқатты деңгей, «С» – қанағаттанарлық деңгей, «D» – экономикалық осал деңгей және «Е» – экономикалық әрі әлеуметтік осал деңгей. Бағалау үшін азаматтардан қосымша құжаттар талап етілмейді. Отбасының әлеуметтік жағдайы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде айқындалады. Бағалау барысында отбасының табысы, құрамы, жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, кәсіпкерлік қызметі, жері мен малы, еңбек қызметі, әлеуметтік төлемдері және қаржылық міндеттемелері ескеріледі. Бұл мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, кредиттік бюролар мен екінші деңгейдегі банктерден алынады.
Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік шығыстарды қысқарту емес, әлеуметтік ресурстарды әділ бөлу және қолдауды мұқтаж азаматтарға бағыттау. Оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаражат - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына жұмсалуы көзделген.
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛМАҚ
Ұқсас материалдар

Петропавлда болашақ сақшылар мерекелік іс-шараға қатысты
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Алматы ұйықтамайды: мегаполисте жастарға арналған алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін комьюнити орталық ашылады
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу
Өзгеге құрмет өзіңнен басталады: ІІМ жаңа бейнеролик жариялады
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстан мен Чехия арасындағы визалық-көші-қон саласындағы өзекті мәселелер Чехияның Ішкі істер министрлігінде талқыланды
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Бірлік пен еңбекті ұлықтау: ШҚО ПД-да Республика күні салтанатты түрде аталып өтті
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
"Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

«Заң және тәртіп» қағидаты: Қарақоңыр ауылында тұрғындармен маңызды кездесу өтті!
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Алкоголизмнің алдын алу
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«AQ-DALA – 2026»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу