Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

    Көкшетау қаласында есірткі құралдарының таралуына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шараға қаладағы 30-ға жуық балабақшаның меңгерушілері қатысты.

    Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу, ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау және балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыста жасанды интеллект технологияларын қолдану, сондай-ақ «Алақан» мобильді қосымшасын әзірлеу және тарату мәселелері талқыланды. Жастар арасында есірткіге қарсы бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің жаңа форматтары мен цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

    Нашақорлықтың алдын алубұлортақ жауапкершілік. Осы бағытта білім беру ұйымдары, ата-аналар және бейінді мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайту маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме" жаңалықтары