Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық мамандандырылған білім беру ұйымына қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды:

    Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 нарыздағы № 56 бұйрығының №2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды.

    Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

    1)өтінім (еркін түрде);

    2)үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3)қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

    4)білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

    5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

    Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

    Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

    1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

    2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

    3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

    4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

    5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

    6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

    7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

    Құжаттар «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің қамқоршылық кеңесіне мүше болуға үміткер» белгісімен БҚО білім басқармасының [email protected] электрондық поштасына 2026 жылдың 12 қарашаға дейін немесе «Батыс Қазақстан облысының білім басқамасы» ММ қабылданады (Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 23, тел.: 50-08-25).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары