Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі тұрғын үйдің 160 пәтерінің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, егемен ел атанған, тарихи шешім қабылданған күннің маңызына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап көрсеткендей, соңғы төрт жылда үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 3 мыңға жуық пәтер беріліп, 10 мыңға жуық тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған.
Бүгін игі бастаманың жалғасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге аумағы 12 мың шаршы метрге жуық 160 пәтердің кілтін табыстап отырмыз.
Жаңа қоныстарыңыздың босағасы берік, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын! Әр отбасында балалардың күлкісі естіліп, татулық пен береке салтанат құрсын. Ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын!» – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Шарада тұрғын үйлерді салған мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев сөз сөйлеп,Мемлекет және қоғам қайраткері Нәжмадин Мұсабаев ақ батасын берді.
Сол жағалау – қаланың қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарының бірі. Бүгінде тұрғындар саны 27 мыңнан асты. Бұл аумақта 145 көпқабатты тұрғын үй бар, 21 әлеуметтік нысан және 14 ірі бизнес нысаны халыққа қызмет етуде. Тағы 50 нысанның құрылысы қарқын алған.
Оның 25-і көпқабатты тұрғын үй, сонымен қатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар да бар. Заманауи сәулет өнерімен үйлескен зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлердің басым бөлігін Сыр құрылысшылары салып жатыр.
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
1 / 8
Ұқсас материалдар

Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды
Астана қаласының әкімдігіАшу
*Қаратал ауданының балуандары облыстық турнирде топ жарды!*
Жетісу облысы Қаратал ауданы Айту би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді!
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қорғау — басты міндетіміз
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіАшу
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Сыр өңіріндегі инвестициялық жобалар KGIR -2026 алаңында марапатқа ие болды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Сауда нысандарында мерекелік іс-шаралар өтуде
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада «Terra green» заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада күн электр станциясының құрылысы басталды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу