VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    https://www.instagram.com/reel/Dew3lugCbi-/?exln=ZXNrNDkxcW5jZXBi

    Елге қызмет ету – халықтың сенімін ақтап, ортақ мүдде жолында жауапкершілікпен еңбек ету. Ал ел дамуына үлес қосу, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу – халық қалаулыларына жүктелген маңызды міндет.

    Бүгін аудан әкімі Д. Тоғызбаев аудандық мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарын қабылдады. Жүздесуде халық қалаулыларына құрмет көрсетіліп, олардың ел игілігі жолындағы еңбектері қорытындыланды.
    Басқосуға облыстық мәслихат депутаты Д. Молдашев, аудандық мәслихат депутаттары мен мекеме басшылары қатысты.
    Шара барысында аудан әкімі Д. Тоғызбаев облыстық және аудандық мәслихат депутаттарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері, халықпен етене байланыс орнатып, тұрғындардың сенімін ақтау жолындағы қызметтері үшін алғысын білдірді.

    Ауданның өркендеуі мен ел тұрмысының жақсаруына бағытталған жұмыстарда бірлесе әрекет етудің, ортақ мақсатқа жұмыла күш салудың маңызына тоқталды.

    Облыстық мәслихат депутаты Д. Молдашев өзі аралаған елді мекендерде тұрғындар көтерген мәселелерге назар аударып, олардың оң шешімін табуына ықпал ету бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар аудан әкімі Д. Тоғызбаевқа, аудандық мәслихат төрағасы Б. Сейлхановқа және депутаттарға өзара түсіністік пен бірлескен жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы Б. Сейлханов та аудан әкіміне, депутаттар мен мекеме басшыларына ортақ іске қосқан үлестері және өзара ынтымақтастықтары үшін алғыс айтты. Өйткені ауданның дамуы – бір ғана мекеменің немесе жеке тұлғаның емес, ел мүддесін бәрінен биік қоятын азаматтардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

    Салтанатты жиында ауданның дамуына үлес қосып, халық игілігі жолында жемісті еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Аудандық мәслихат төрағасы Б. Сейлханов облыс әкімі А. Шахаровтың атынан төсбелгісімен марапатталды. Бірқатар мәслихат депутаттарына облыс әкімі А. Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Г. Сүйінтаеваның Алғыс хаттары табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары