2026 жылдың басынан бастап Жақсы ауданында буын эндопротездеу операциялары жүргізіле бастады. Содан бері 40 операция жасалды.
Жергілікті медициналық команда құрамында травматолог-ортопед, хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрмұхаметов Аманжол, хирург Абдулсамет Тотан және дәрігер-анестезиолог-реаниматолог Карибай Нұрболат бар.
Сонымен қатар академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының жетекші травматолог-ортопеді, эндопротездеу маманы Сүлейменов Бекжан да операцияларға қатысады.
Медициналық көмекке Жақсы, Есіл, Жарқайың және Атбасар аудандарының тұрғындары жүгінеді. Пациенттердің басым бөлігі 65 жастан асқан, көбіне тізе буынын ауыстыру операциялары жасалады.
Ауылдық жерлерде эндопротездеу қызметінің дамуы тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді.








