Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8, 9 баптарына және Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 16 адам, оның ішінде 15 адам – коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдері.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске 1 бір ғана өкіл сайлана алады.
Бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды.
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес, келесі тұлғалар
Қоғамдық кеңес мүшесіне кандидат бола алмайды:
- 18 жасқа толмаған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алып тасталмаған;
- сыбайлас жемқорлық қылмысын және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған тұлғалар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың кандидатурасын ұсыну туралы өтініші (1 қосымша);
- кандидаттың өмірбаяндық деректерін көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2 қосымша);
- сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Құжаттар 2026 жылғы 23 қазан мен 6 қараша аралығында сағат
09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).
Құжаттарды ұсыну тәсілдері:
- қолма-қол немесе пошта арқылы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс;
- электрондық пошта: [email protected].
- Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-12-73.




