Баспасөз хабарламасы

    2026 жылғы 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

    Отырыста Петропавл қаласының № 2 қалалық емханасының қала халқына медициналық көмек көрсетуге бағытталған қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.

    Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы сомасы 719 343,5 мың теңгеге бұзылғаны анықталды: оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 163 554,0 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны – 77,2 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататыны – 163 476,8 мың теңге, 417 765,6 мың теңге сомасына тиімсіз жоспарлау, 55 956,0 мың теңге сомасына тиімсіз пайдалану, 82 067,9 мың теңге сомасына жіберіп алған пайда анықталды. Бұдан бөлек, 16 рәсімдік бұзушылық пен кәсіпорын қызметіндегі 2 кемшілік анықталды.

    Даму жоспары мен оның орындалуы туралы есептерді талдау сапасыз жоспарлау фактілерінің бар екенін, жекелеген көрсеткіштер бойынша нақты мәндердің көрсетілмегенін анықтады. Бұл жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді объективті бағалау мүмкіндігін шектейді.

    Аудит нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті, оның ішінде активтер есебін ұйымдастыруда кемшіліктер бары анықталды. Бұл 2023–2025 жылдар кезеңіндегі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қалдықтары мен қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің бұрмалануына әкеп соққан.

    Еңбекақы төлеу кезінде еңбек және өзге де заңнама талаптарының бұзылуы анықталды, бұл ішкі бақылау деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

    Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының сақталмауы салдарынан сатып алу рәсімдерін жүргізу тәртібінің бұзылуына жол берілген.

    Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және бухгалтерлік есеп саласындағы бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органға жолданды.

    Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді. Аудит объектісіне және уәкілетті органға – «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары