Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының пилоттық жобасы.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының пилоттық жобасын іске асырылуда екенін хабарлайды.
    Орталықтар дағдарыстық жағдайға тап болған шағын және орта бизнес субъектілеріне мәселелерін шешуге кешенді қолдау көрсетеді. Жұмыс «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған: кәсіпкерлер мәселелерін анықтау, оны шешу жолдарын айқындау және тиісті мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша сүйемелдеу алады.
    Орталықтардың алаңдарында мемлекеттік кірістер департаменттерінің аумақтық бөлімшелері мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері белгіленген кестеге сәйкес қабылдау жүргізеді.
    Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген өңірлердегі «Даму» қорының өңірлік филиалдарына жүгінуге болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары