2026 жылғы 23 қазанда сағат 10:00-де, Некрасов көшесі №112 мекенжайында Облыстық еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс берушілер мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар арасындағы байланысты нығайту.
Жәрмеңкеге өндіріс және қызмет көрсету салаларында қызмет атқаратын 15 ұйым мен кәсіпорын қатысып, 100-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынады. Қатысушылар қатарында №3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «ТОБЫЛ» ЖШС, «Дамыту Табыс Актобе» ЖШС, «Алабаева В.Б.» жеке кәсіпкерлігі және басқа да жұмыс берушілер бар.
Ұсынылатын бос жұмыс орындарының қатарында есепші, дефектолог, аспазшы, наубайшы, сату жөніндегі менеджер, жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі және басқа да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бар.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталынан да алуға болады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша аталған платформада 3 500-ден астам бос жұмыс орны жарияланған. Еңбек нарығында білім беру, өндіріс, көлік және логистика, сауда және қоймалау, медицина және фармацевтика, құрылыс, қаржы, мұнай-газ салалары бойынша мамандарға сұраныс жоғары.
#RepublicDay: Ақтөбедеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Ұқсас материалдар

Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында есептік кездесу өтті
Қарақия ауданы әкімінің аппаратыАшу
2026 жылғы 6 қазанда Обаған ауылдық округі әкімінің халықпен есептік кездесуі өтті.
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Астанада поэзияға құштар зейнеткерлер көркемсөз оқудан сайысқа түсті
Астана қаласының әкімдігіАшу
ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіАшуХабарландыру
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы ЕлшілігіАшу
"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" жаңалықтары

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасыАшу
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасыАшу
Асхат Шахаров ақтөбелік креаторларды марапаттады
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасыАшу
Құтқарушылар күні құтты болсын!
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасыАшу
Жапонияда V Азия Пара ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасыАшу