Қазақстан мен Ливия ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейтіп, әсіресе қазақстандық астық пен ет тасымалына басымдық беруді көздеп отыр. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ливия Мемлекетінің Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрі Абдул Латиф Мохаммед Аль-Тахер Хоснимен кездесуде талқыланды.
Айдарбек Сапаров Ливиямен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және отандық агроөнеркәсіп өнімдерінің Солтүстік Африка нарығындағы үлесін арттыру маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
«Біз Ливия нарығына сапалы әрі бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуға дайынбыз. Ең алдымен, бұл астық дақылдары, сиыр және қой етіне қатысты. Біздің міндетіміз – қолда бар әлеуетті нақты сауда жобаларына айналдыру, іскерлік байланыстарды кеңейту және Ливия нарығының қажеттіліктеріне сай тұрақты жеткізу арналарын қалыптастыру. Қазақстанның осы жоспарларды жүзеге асыруға жеткілікті ресурстық мүмкіндігі бар», – деді министр отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін таныстыра отырып.
Қазақстанның өндірістік әлеуеті экспорт аумағын кеңейтуге берік негіз қалайды. Соңғы екі жыл қатарынан елімізде астық түсімі 27 миллион тоннадан асты. Майлы дақылдар тұқымының өндірісі 4,8 миллион тоннаға, ал бұршақ дақылдарының көлемі 1 миллион тоннадан артық. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсіп, 7 миллиард АҚШ долларынан асты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 15,3 миллион тонна астық экспортталды. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға көп.
Экспорт бағыттарын әртараптандыру және жаңа нарықтарды игеру агроөнеркәсіп саласын дамытудың негізгі басымдықтары қатарында қалып отыр.
Абдул Латиф Мохаммед Аль-Тахер Хосни ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, тиісті мемлекеттік органдардың тікелей өзара іс-қимылы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға және екіжақты өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
«Біз ынтымақтастықты кеңейтуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және өзара өнім жеткізуге қосымша мүмкіндіктер жасауға мүдделіміз. Тікелей диалог өзара тиімді бағыттарды айқындап, сауда-экономикалық қарым-қатынасымызға жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді министр.
Тараптар қазақстандық ет өнімдерінің экспортын кеңейту болашағына да ерекше назар аударды. Қазіргі таңда Қазақстанда ірі қара мал саны 9,3 миллионға, ал ұсақ мал саны 24,3 миллионға жетеді. Бұл көрсеткіштер мал шаруашылығын дамытуға және отандық ет өнімдерін шетелдік нарықтарға жеткізу көлемін арттыруға қажетті елеулі ресурстық әлеуетті қалыптастырады.
Экспорттық әлеуетті іс жүзінде іске асыру мақсатында тараптар ветеринариялық және фитосанитариялық ынтымақтастық, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сауда рәсімдерін жетілдіру мәселелерін қарастырды. Жеткізілетін өнімдерге қойылатын талаптар мен оларды Ливия нарығына шығаруға рұқсат беру шарттарын келісу алдағы уақытта пысықталмақ.
Ливия Қазақстаннан астық пен ет тасымалдауға қызығушылық танытып отыр
1 / 9
Ұқсас материалдар

Шетелдегі отандастар арасында «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы туралы
Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығыАшу
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Жәнібек ауданының әкімдігіАшу
Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
Автогаз құю станциялары мен автотұрақтардағы қауіпсіздік рейді
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіАшу
Әлеуметтік қызметкер Нұргүл Елемесқызы: «Қариялардың батасын алғанның өзі – бір бақыт»
ҚР ЕХӘҚМАшу
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" жаңалықтары

Құрылтайда балық өсіру шаруашылықтарын жаңғырту және аквашаруашылықты дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Қазақстан алғаш рет SIAL Paris 2026 көрмесінде май өнімдерін таныстырды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Халықаралық алма күні: Қазақстанда алма өндірісі артып, әйгілі «Апорт» сортын қайта түлету жұмыстары жалғасуда
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшуШикізаттан индустрияға: Қазақстан терең өңдеу саласын ауқымды жаңғыртуға кірісті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Цифрлық технологиялар Қазақстанның ауыл шаруашылығын қалай өзгертуде?
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу