КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
    Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және пайдаланудағы жерді құжаттандыру мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектерін жеткізді.
    Аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеп, олардың заң аясында шешілуіне ықпал ететін нақты тапсырмалар жүктеді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары