ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Жібек жолы ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 4 қараша сағат 12:00-де Дихан баба елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

    Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 3 қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

    Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары