Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жиын өткізді

    1 / 5

    🔹️Бүгін аудан әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен жұмыс жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

    🔸️Жиынның күн тәртібінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, мал жаюды ұйымдастыру, салық базасын арттыру және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қаралды.

    🔹️Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендердің тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    🔸️Сонымен қатар «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ауылдық округтерде заң талаптарының сақталуына және алдын алу шараларының тиімді жүргізілуіне басымдық берілді.

    🔹️Мал жаюды ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінен тыс қалмады. Бұл ретте малдың қараусыз жүруіне жол бермеу, мал иелерінің жауапкершілігін арттыру, елді мекендердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

    🔸️Бұдан бөлек, ауданның салық базасын арттыру, бюджет кірістерін ұлғайту және салық түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Осы бағытта салық салу базасын нақтылау, кіріс көздерін анықтау және тиісті жұмыстарды жандандыру қажеттігіне назар аударылды.

    🔹️Жиын барысында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне де ерекше мән берілді. Тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне өз бағыттары бойынша бақылауды күшейтіп, ықтимал қауіптердің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

    📌Жиынды қорытындылаған аудан әкімі С. Займолдин қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары