Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қала денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі негізгі индикаторлардың орындалуы, халықты вакцинациямен қамту деңгейі, сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарына жүргізілген мониторингтік сапарлардың нәтижелері қаралды.
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарының қызметіне ерекше назар аударылды. Қалалық № 1, № 2 және № 5 емханалардың басшылары есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелері туралы есептерін ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, профилактикалық іс-шараларды күшейтуге және Алматы қаласының денсаулық сақтау көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған алдағы жұмыс басымдықтары айқындалды.







