1 / 6
Бұрын екі жолақты болған жол енді төрт жолаққа кеңейтіліп, қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындары бір-бірінен бөлінді.
Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер ұйымдар мен жол саласының өкілдері қатысты.









