АЩЫАҒЫРДАҒЫ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    1 / 4

    Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Сартоғай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Ащыағырдағы көпір құрылысының барысымен танысты.

    🔹Аталған көпір облыстық маңызы бар «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» автомобиль жолының 34-шақырымында орналасқан. Бұған дейін көктемгі су тасқыны кезінде жолды су басып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасына қиындықтар туындаған болатын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа көпір құрылысы қолға алынды.

    🔹Жобаға сәйкес, көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр. Құрылыстың жалпы құны 342,7 млн теңгені құрайды. 2026 жылы облыстық бюджеттен 330,036 млн теңге бөлінген.

    🔹Құрылыс жұмыстарын «Lider Invest Group» ЖШС жүргізуде.

    🔹Қазіргі таңда құрылыс алаңына арнайы техникалар мен 28 темірбетон қада жеткізіліп, уақытша айналма жол салынды. Гидрооқшаулау, арматуралау және бетондау жұмыстарының негізгі кезеңдері орындалды. Алдағы уақытта көпір арқалықтарын орнату жоспарлануда.

    🔹Нысанды аралау барысында аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, мердігер ұйымға жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес әрі уақытылы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    🔹Жаңа көпірдің пайдалануға берілуі Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендері бағытындағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауына мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары