Қазақстан мен Араб мемлекеттері лигасы ынтымақтастықтың жаңа деңгейін талқылады

    1 / 4

    Каир, 2026 жылғы 21 қазан– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) жаңадан тағайындалған 9-шы Бас хатшысы Набиль Фахмимен ресми кездесу өткізді.

    Тараптар араб әлемі мен Орталық Азия өңірі арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады.

    Өз кезегінде ҚР СІМ басшысы АМЛ Бас хатшысын жаңа лауазымға ресми түрде кірісуімен құттықтап, ұйымның халықаралық құқық пен тұрақтылықты қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

    Кездесу аясында Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған екіжақты бірлескен күш-жігерді көрсететін жаңа Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі қаралды.

    Сондай-ақ, тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

    Кездесу соңында Қазақстан тарапы Араб мемлекеттері лигасымен диалогты сапалы жаңа деңгейге көтеруге бейілділігін білдіріп, ұйым басшылығына табыс тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары