Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
2026 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында Қызылжар ауданында қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығы аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында төрт деңгейлі бағдарлама бойынша жалғызбасты тұратын қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына бекітілді.
Қызылжар ауданында жалғызбасты тұратын 777 қарт адам мен мүгедектігі бар адам бар, оның ішінде 126 адам бекітілген. Олар – жалғызбасты тұратын қарт адамдар, тыл еңбеккерлері, мүгедектігі бар адамдар, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері және концлагерь тұтқындары.
Көрсетілген көмек отын жеткізу, ақшалай көмек және азық-түлік пакеттері берілді.
Бүгінгі күнге дейін 104 азаматқа жалпы сомасы 765 120 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.








