Петропавл құрылыс нысандарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу

    1 / 4

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ мұнаралы крандармен жабдықталған құрылыс нысандарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментімен және «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-мен бірлесіп, Петропавл қаласындағы Крепостная және Н. Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан, мұнаралы кран орнатылған құрылыс нысанында көшпелі кеңес өткізді.

    Кездесу барысында қызметкерлер өндірістік жарақаттанудың ағымдағы жай-күйімен таныстырылып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және жүк көтеру тетіктерін пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ҚР еңбек заңнамасының талаптары туралы хабардар етілді.

    Мұнымен қоса, қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларға жол бермеу және құрылыс саласы қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін көтеруге әрі өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталады

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті" жаңалықтары