Биіктіктегі жұмыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ерекше назар аударуды талап ететін жұмыс түрлеріне жатады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 180 және 182-баптарына сәйкес жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерлерді оқыту мен нұсқамалықтан өткізуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Биіктікте жұмыстар орындаған кезде жарамды жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде сақтандыру жүйелерін пайдалану, жұмыс орнының қауіпсіздігін тексеру және белгіленген талаптарды сақтау қажет.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес биіктіктегі жұмыстар көзделген қауіпсіздік шаралары мен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар сақтала отырып орындалуы тиіс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау — бұл әрбір жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың ең маңызды шарты.








