ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 5
    Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Департамент басшысының м.у.а. Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен Департаменттің 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланған лездеме жиналыс өткізілді.
    Жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған департамент тарапынан еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу және өндірістік жарақаттанудың төмендеуіне бағытталған жұмыстар жүргізілді.
    Атап айтқанда, еңбек заңнамасының сақталуына қатысты мәселелер қаралып, азаматтардың өтініштері бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында еңбек құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Сонымен қатар, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына қатысты өтініштер қаралып, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданды.
    Жұмыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
    Департамент алдағы уақытта да еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары