Ақмола патрульдік қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысынан ұрланған автокөлікпен жасырынуға тырысқан ұрыны жедел ұстады.
20 қазан күні таңертең полиция қызметкерлері ұрланған ВАЗ-2112 көлігіне бағдар алды. Солтүстік Қазақстан әріптестерінің мәліметінше, түнде белгісіз адам Мамлют ауданы Новомихайловка ауылының тұрғынынан көлік ұрлап кеткен. Қаскүнем Ақмола облысының жолдарымен жүруі мүмкін деп болжанды.
Бағдар дереу аймақтың барлық патрульдік экипаждарына берілді. Сонымен бірге әкімшілік полиция басқармасы іздеу тобының қызметкерлері көліктің ықтимал жүру бағыты бойынша бейнебақылау камераларының мониторингін бастады.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде іздестіріліп жатқан машинаның Зеренді ауданының аумағында болуы мүмкін екендігі анықталды. Көп ұзамай патрульдік полиция батальонының 5-ші взводының инспекторлары-капитан Алтынбек Накенов пен лейтенант Мирас Хамитов Астана-Петропавл автожолында автокөлікті тоқтатты.
Көліктің табылғаны туралы ақпарат Зеренді ауданы полиция бөлімінің тергеу-жедел тобына және Солтүстік Қазақстан облысының әріптестеріне хабарланды.
Солтүстік Қазақстан облысында ұрланған автокөлікті ақмола патрульдік қызметкерлері жедел тапты
Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Астанада мұнай базаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексерулер жүргізілуде
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Ақмола облысында шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
⚜️ ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕСЕЛІ ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ
Мәртөк ауданы әкімдігіАшуАзаматтарды қабылдау
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
"Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Ақмола облысында мал ұрысы, сиыр мен бұзауды атқан күдікті ізі суымай ұсталды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшуАқмола облысында 2,5 жыл ішінде 370-тен астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Оңтүстік Кореяда жұмысқа уәде берген: 9 ақмола тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Қылмыстық табыс табу үшін баласын қалдырған: Көкшетауда Павлодардың 22 жастағы есірткі салушысы ұсталды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Ақмола облысының полицейлері тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап беруде
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу