Ақсу ауылдық округінің мәдениет саласы тағы бір жарқын жетістікпен толығып отыр!
«Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында өткен «Жеті Өнер жұлдыздары» XI республикалық шығармашылық конкурсында Ақсу ауылдық клубының «Арайлым» би тобы жоғары нәтиже көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды! 🏆
Сонымен қатар, топ жетекшісі Искакова Жанар Құрманғазықызы жас таланттарды өнерге баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ең қуаныштысы – «Арайлым» би тобы осы жеңістің нәтижесінде 2027 жылғы 8 мамырда Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды! 🌟
Бұл – табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің және өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Жас бишілеріміздің сахна төрінде жарқырап, ауылымыздың абыройын асқақтатып жүргені – баршамыз үшін үлкен мақтаныш!
👏 «Арайлым» би тобын және жетекшісі Жанар Құрманғазықызын шын жүректен құттықтаймыз!
АҚСУ АУЫЛЫНЫҢ ӨНЕРІН ӨРГЕ СҮЙРЕГЕН ЖЕТІСТІК!
1 / 2
Ұқсас материалдар

Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітілген кестеге сәйкес Зеренді ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді
«Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ КОМПОЗИТТІК ПАНЕЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ СҮЙЕГІН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Алмалы ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді
Алмалы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
