
Ақсу ауылының ақсақалдары мерекелік медальмен марапатталды.
Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне және ел бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ақсу ауылының ардақты ақсақалдары Т. Берлібеков және М. Маратұлы мерекелік медальмен марапатталды.
Елдің береке-бірлігін бекемдеуге, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсетуге және туған жердің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға көрсетілген бұл құрмет – олардың еселі еңбегіне берілген лайықты баға.
Ақсу ауылының тұрғындары атынан ардақты ағаларымызды марапаттарымен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тілейміз!




