
Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде Отбасы күніне арналған іс-шаралардың ашылуы өтті.
Отбасы – әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, мейірім мен сүйіспеншілікке бөлейтін қасиетті шаңырақ. Әке – асқар тау, ана – мейірімнің шуағы, бала – отбасының қуанышы.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту, оқушыларға жанұяның қадір-қасиетін түсіндіру.
Отбасы күні аясында мектепте түрлі тәрбиелік, шығармашылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларды өз отбасыларының тарихын, дәстүрін және құндылықтарын құрметтеуге бағытталған жұмыстар жалғасын табады.
«Отбасы – тәрбие бесігі, Отанның берік тірегі!»









