Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    Республика күні қарсаңында Қарқаралы ауданының Көктас ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары спортпен шұғылдану үшін алысқа бармайды. Жаңа нысанда балалар мен ересектердің жаттығуына қажетті жағдай жасалған.

    Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Саят Мусин

    Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нуратов ауыл тұрғындарын жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады.

    Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    — Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спорттың, әсіресе балалар спортының қолжетімді болуын басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті. Жаңа кешен ересектер мен балаларды спортқа баулуға ықпал етеді деп сенемін. Бұл жер таңертеңнен кешке дейін адамға толы болып, ауыл тұрғындарының сүйікті спорт орнына айналады деп сенеміз, - деді Нүркен Нуратов.

    Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жалпы ауданы — 542 шаршы метр. Мұнда спорттық ойындарға арналған зал, душ бөлмелері мен әкімшілік бөлме жабдықталған.

    Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    Ауыл тұрғындары жаңа спорт нысанының ашылғанына қуанышты.

    Спорт ардагері Жұмаш Құрманғалиев марафондар мен веложарыстарға қатысып, өзінің белсенді өмір салтымен жастарға үлгі болып жүр.

    Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    — Бұл жаңалыққа бүкіл ауыл қуанды. Жаңа кешен балаларымыздың спортта жетістікке жетуіне жол ашады деп ойлаймын. Бәлкім, болашақ чемпиондар да осы жерден шығып қалар, - деді ол.

    Қарқаралы ауданындағы Көктас ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    Қарағанды облысында барлығы 1 384 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның 300-ден астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Былтыр өңірде 85 жаңа спорт нысаны ашылып, сонша жасанды жабынды спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар бес көпфункционалды хоккей корты салынды. Биылдың өзінде Шет және Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ Ақтас кентінде жаңа спорт кешендері ашылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары