Шорт-тректен 2026-2027 жылғы халықаралық маусым Канададағы қос әлемдік турмен басталады.
Атап айтқанда әуелі спортшылар 23-25 қазан аралығында Ванкувер қаласында алғашқы кезеңде бақ сынайды. Сосын, 30 қазан мен 1 қараша аралығында Монреаль қаласында II кезеңде сынға түсуі керек.
Назарыңызға осы бәсекеге қатысатын Ұлттық құраманың 12 спортшысын ұсынамыз:
Ерлер - Айбек Нәсен, Айбек Темірхан, Богдан Вехов, Глеб Ивченко, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уалиулла.
Әйелдер - Зейнеп Құмарқан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Полина Омельчук, Гүлдана Жалмұқан, Анастасия Галечина;
Жалпы ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1000 және 1500 метрге жарысады. Сондай-ақ бағдарламаға 3 эстафета кіреді: ерлер (5000 м), әйелдер (3000 метр), аралас командалық (2000 метр).
Айта кетейік, Канададағы 2 кезеңге 29 мемлекеттен 184 шорт-трек шебері тіркелген.







