«Отандастар» қоры шетелде тұратын жас этникалық қазақтарды «OQ Startup» байқауына қатысуға шақырады. Бастама олардың жобаларын дамытуға қолдау көрсетуге және Қазақстанмен байланыстарын нығайтуға бағытталған.
Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы шет мемлекеттердің азаматтары қатыса алады. Ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық әрі әлеуметтік салалардағы жобалар қабылданады. Іске асырылып жатқан бастамалармен қатар, жүзеге асыру жоспарланған жобалар да қаралады.
Қатысу үшін ұзақтығы екі минуттан аспайтын бейнеролик немесе көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация, сондай-ақ жобаның PDF форматындағы қысқаша сипаттамасы ұсынылуы қажет. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2026 жылғы 30 қазанға дейін [email protected] электрондық поштасына қабылданады. Құжаттарға қатысушы туралы мәліметтер: толық аты-жөні, азаматтығы, жасы, университетінің атауы және оқу курсы қоса берілуі тиіс.






