Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 25-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу кезіндегі мүмкіндіктердің теңдігі келесідей реттеледі:
Негізгі кепілдіктерге өтетін болсақ:
- Еңбек шартын жасасу кезінде азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін бұзуға тыйым салынады. Жұмысқа қабылдаған кезде адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, сондай-ақ жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін көзқарасына, тұрғылықты жеріне, қоғамдық бірлестіктер тиесілілігіне немесе өзге де жағдайларға байланысты ешқандай шектеу қоюға болмайды.
Еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз бола алмайтын себептерді атап өтсек, ол :
• Жүктілік;
• Үш жасқа дейінгі балаларының болуы;
• Кәмелетке толмағандық;
• Мүгедектік.
Егер жұмыс беруші жоғарыда аталған жағдайлар бойынша адаммен еңбек шартын жасасудан бас тартса, бұл тұлғаның талап етуі бойынша жұмыс беруші бас тартудың себебін жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
Жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тартқан жағдайда, азамат бұл шешімге сот арқылы шағымдануға құқылы.
Толығырақ: https://t.me/enbekturkistan/537









